ММА

Bellator 226. Бейдер – Конго жекпе-жегі өтпеген болып саналады

Bellator 226. Бейдер – Конго жекпе-жегі өтпеген болып саналады
news-banner7
mobile-news-top

Өткен түнде Сан-Хоседе ММА жанкүйерлері күткен Bellator 226 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуі супер ауыр салмақтағы америкалық Райан Бейдер мен Чейк Конго арасында өтуі тиіс болатын.

Октагондағы алапат айқас басталды да. Бейдер екі рет хук жасап, қарсыласын жығып алды. Конгоны жаншып жатқан Бейдер абайсызда оның көзін шұқып қалған. Рефери жекпе-жекті тоқтатып, дәрігермен кеңескеннен кейін, Чейк Конгоның ары қарай жалғастыра алмайтынына көзі жетті.

Сөйтіп жекпе-жек өтпеген болып саналды, ал Брайан Рейдер ауыр салмақта Bellator чемпионы атағын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер