Дзюдо

Бақытжан Абдурахманов - Еуропа кубогының жеңімпазы

Бақытжан Абдурахманов - Еуропа кубогының жеңімпазы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Абдурахманов Еуропа кубогының жеңімпазы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Братиславада өтіп жатқан байрақты бәсекеде ол 73 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Жарыс барысында финалға дейін 5 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал финалда словениялық Джуз Мекилосекті қосымша уақытта иппон ұпайымен ұтты.

Айта кетелік, Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан ересектер арасындағы Еуропа кубогына әлемнің 34 елінен 384 дзюдошы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер