Теннис

Андрееску US Open турнирінің жеңімпазы атанды.

Андрееску US Open турнирінің жеңімпазы атанды.
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне алғаш рет қатысқан Бьянка Андрееску атағы әлемге жайылған Серена Уильямсқа еш мүмкіндік бермей, аталмыш жарыста жеңімпаз атанды, деп жазады Prosports.kz

Grand Slam турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы Серена WTA рейтингінде 15-орында тұрған Андреескуден 3:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Канадалық теннисші жылдың басында ғана әлемдік рейтингтің 152-орнында тұрса, енді ол ТОР-5 тізіміне кіреді.

Айта кетерлік бір жайт, US Open турнирінің алты дүркін жеңімпазы Серена Уильямс ашық чемпионатты алғаш рет 1999 жылы жеңген еді. Бьянка 275 күннен кейін дүниеге келді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер