русский язык
Бокс

Ниязымбетов Азия ойындарында Қазақстан Туын ұстап шығады

Ниязымбетов Азия ойындарында Қазақстан Туын ұстап шығады

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығу Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке тапсырылды.

12-ші қыркүйек күні Алматыда спортшыға Қазақстан Туы салтанатты түрде беріледі. Инчхондағы Азия ойындарында спорттың 39 түрінен 420 қазақстандық спортшы қатысады. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Зульфия Чиншанло бар.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Лондон Олимпиадасында да екінші орын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;