Ресей - Қазақстан матчына черногориялық төрешілер қазылық етеді
![Ресей - Қазақстан матчына черногориялық төрешілер қазылық етеді](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_1f108cccc2699ea616fdd159db68434c.jpg?t=1567846641?v=28650031)
EURO-2020 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Ресей футболшыларымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Матч 9 қыркүйектен 10 қыркүйеккен ауған түні 00:45-де басталады.
Бұл кездесуге черногориялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші - Никола Дабанович. Оған қос қапталдан отандастары Милован Джукич мен Йовица Татар көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Милован Милачич атқарады.