Грек-рим күресі

Депутат Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатында күресетін болады

Депутат Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатында күресетін болады
news-banner7
mobile-news-top

Украина Радасының депутаты, атақты балуан Жан Беленюк Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп жазады Prosports.kz.

«Слуга народа» партиясының атынан депутаттыққа түскен Жан Беленюк Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2014 және 2016 жылдары Еуропа чемпионы атанып, әлем чемпионатының қола медаліне ие болған.

Ал құрамында Жан Беленюк бар Украина құрамасы әлем біріншілігіне барлық салмақтағы балуандарын алып келеді. Ұлттық құрама штатына мына спортшылар енген: Виктор Петрик (55), Ленур Темиров (60), Александр Грушин (63), Артур Политаев (67), Максим Евтушенко (72), Владимир Яковлев (77), Юрий Шкрюба (82), Жан Беленюк (87), Николай Крысов (97), Николай Кучмий (130).

Еске сала кетейік, 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш додаға 100 елден 1002 спортшы келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер