русский язык
Волейбол

Қазақстан құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінде қарсылас шақ келтірмеді

Қазақстан құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінде қарсылас шақ келтірмеді

Қытайлық Тайпейді жеңген волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогының топтық кезеңінде бірінші орын алды.

Матч қазақстандықтар үшін сәтті басталмады: олар алғашқы екі партияда жеңіліп қалды – 20:25, 24:26. Алайда кейін Александр Гутор шәкірттері кездесудің тағдырын өзгертіп, қалған екі сетте (25:16, 25:20) ұтты да, тай-брейкте жеңісті жұлып алды (15:10).

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш рет жеңіске жетіп, өз тобында топ жарды.

Қазақстан – Қытайлық Тайпей 3:2 (20:25, 24:26, 25:16, 25:20, 15:10)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;