Жеңіл атлетика

Сухарев қазіргі бессайыстан әлем чемпионатының финалына өтті

Сухарев қазіргі бессайыстан әлем чемпионатының финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Будапештте қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Іріктеу сындарының қорытындысы бойынша қазақстандық Владислав Сухарев финалға жолдама алды.

А тобындағы іріктеу кезеңінде спортшы 1124 ұпаймен төртінші орын алды. Бұл финалда жүлдеге таласатын 36 спортшының қатарына кіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан құрамасының өзге мүшелері Павел Ильяшенко мен Владислав Мищенко іріктеу сынынан аса алған жоқ.

Айта кетелік, 7 қыркүйек күні финалдық бәсекелер өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер