русский язык
Футбол

Равшан Ирматов: «Видеоқайталаудың болғанын қолдаймын»

Равшан Ирматов: «Видеоқайталаудың болғанын қолдаймын»

Бразилиядағы әлем біріншілігінде қазылық еткен өзбекстандық арбитр Равшан Ирматов «Спорт-Экспресс» тілшісіне берген сұхбатында футболда видеоқайталау жүйесін қолдайтынын айтты.

«Бразилияда әр команда матчта бір немесе екі рет видеоқайталау сұрауға құқығы болатынын оқығанмын. Егер ФИФА осындай шешім шығарса, төрешілерге үлкен көмек болар еді. Кей тұстарды көре алмай қалған сәттерде (мұндайдың болуы әбден мүмкін) команда мен футболдың зиян шеккенін қаламаймын», - деді Ирматов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;