русский язык
Бокс

Бокстан Ел біріншілігі Таразда өтеді

Бокстан Ел біріншілігі Таразда өтеді

Биыл бокстан ересектар арасындағы Қазақстан біріншілігі 25 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Тараз қаласында өтеді, деп мәлімдейді inform.kz ҚФБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Абылғазиннің төрағалығымен федерацияның атқарушы комитетінің бюро отырысы өткен болатын.

«Онда бюро мүшелері облыстық федерациялардың биылғы чемпионатты өткізуге қатысты өтінімдерін қарап және Алматы мен Жамбыл облыстарының бокс федерацияларының ел чемпионатын өткізуге қатысты жобаларымен танысып, көпшілік дауыспен бокстан ересектер арасындағы 2014 жылғы ел біріншілігін Тараз қаласында өткізу туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Талқылау барысында отырысқа қатысушылар бокстан Қазақстан біріншілігін Тараз қаласында өткізу - жергілікті аймақта бокстың дамуына жаңа серпін беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар Алматы облысында аймақтық федерацияның арқасында бокстың қарқынды дамып жатқандығы да ерекше аталып өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;