Еркін күрес

Еркін күрес шеберлері қай елдің балуандарымен жаттығып жүр

Еркін күрес шеберлері қай елдің балуандарымен жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның еркін күрес шеберлері Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында соңғы, үшінші оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп жазады Prosports.kz.

Дағыстан балуандары қазақстандықтардың әлем біріншілігіне дайындалуына септігін тигізуде. Айта кету керек, балуандарға еркін күрестен олимпиадалық салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі спортшылар спарринг өткізуге көмектесіп жатыр. Олар: Рахман Минтуллаев (57 келі), Шамиль Омаров (65 келі), Магомедхабиб Кадимагомедов (74 келі), Хабиб Гаджиев (86 келі), Расул Магомедов (97 келі) және Магомедамин Дибиров (125 келі).

Осы орайда ұлттық құрама бас бапкерінің кеңесшісі Маирбек Юсупов былай деді:

- Жиын ойдағыдай өтіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, бұл - астанамыздағы жиынның соңғы кезеңі. Талғардағы АИБА кешеніндегі жаттығу барысында дағыстандық алты балуан бізге қосылған болатын. Олар - өте тәжірибелі, жетістігі мол жігіттер. Көптеген ірі xалықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мысалы, Раxман Минтулаев (57 келі) осы жылы Дағыстан чемпионы атанды. Ал Расул Магомедов «Ярыгин мемориалында» америкалық Олимпиада және әлем чемпионы Кайл Снайдерді ұтып кетті. Ең бастысы, біздің жігіттер әлем біріншілігіне дұрыс физикалық және псиxологиялық дайындықпен барады.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде бірінші грек-рим балуандары күрессе, еркін күрес шеберлері жарыстың соңғы күндері кілемге шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер