«Астана арландары» елордаға келді
![«Астана арландары» елордаға келді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1410102982_969834745.jpg?v=28697479)
«Астана арландары» бокс клубының мүшелері «Куба қабыландарымен» жекпе-жек өткізу үшін елордаға келіп жетті. Боксшыларды Астанаға клуб директоры Болат Манкенов бастап келді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы Чемпиондар айқасы 9-10 қыркүйек күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.