Велоспорт

«Испания Вуэльтасы»: «Астана» шабандозы 9-шы орын алды

news-banner7
mobile-news-top

«Испания Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының он бірінші кезеңі мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Шабандоздар Saint-Palais – Urdax-Dantxarinea бағытында 180 шақырым жолды басып өтті.

Тур жеңімпазы атағын «Euskadi Basque Country - Murias» командасының испаниялық шабандозы Микель Итурриа жеңіп алды. Екінші орынды тағы бір испаниялық Джонатан Ластра («Caja Rural - Seguros RGA») иеленді. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Лоусон Крэддок («EF Education First») түйіндеді.

Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Горка Исагирре көрсетті. Испаниялық шабандоз мәре сызығын 9-шы болып кесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер