Қысқы

Допинг дауына іліккен Полторанин мансабын жалғастырады

news-banner7
mobile-news-top

Наурыз айында Австриядағы әлем чемпионаты кезінде допингке байланысты ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин мансабын жалғастыратынын айтты.

Шаңғышы Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерінің «Мансабыңды жалғастырасың ба?» - деген сұрағына оң жауап қатқан.

Естеріңізге сала кетейік, Австрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия және Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінген еді. Полиция жалпы, төрт елдің 9 спортшысын ұстаған. Оның төртеуі ресми спорттан шеттетілді. Ал Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай Алексей Полторанин допинг қабылдамаған, тек сол сәтте тыйым салынған препаратты қолданбақ болған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер