ММА

Еске алу: Хабиб - Конор

Еске алу: Хабиб - Конор
news-banner7
mobile-news-top

UFC 242 турнирі алдында америкалық промоушеннің баспасөз-қызметі жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекті еске түсірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Хабиб пен Конордың жекпе-жегі өткен жылдың қазан айында өткен UFC 229 турнирінің басты айқасы болды. Ресейлік спортшы төрт раунд бойы қарсыласын соққының астына алып, артынша қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Ал 2014 жылы UFC 178 турнирінде Конор Хабибтің қазіргі қарсыласы Дастин Порьемен жұдырықтасқан болатын. Ол кеште ирландиялық спортшы алғашқы раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйек күні Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье жекпе-жек өткізеді. Турнирдің трансляциясын біздің сайтымыздан таба аласыздар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер