Бокс

Айдос Ербосынұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына енді

Айдос Ербосынұлы әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 5 боксшысының қатарына кірді.

WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы WBА тұжырымының жаңартылған рейтингінде ең үздік 5 боксшының қатарына кіріп, 4-орынға жайғасты. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, 8 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Бұл салмақта WBА тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы ұлыбританиялық Каллум Смитқа тиеслі.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегінде Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер