Спорт жаңалықтары
Басқа

Мемлекет басшылары қандай спортпен айналысады

Мемлекет басшылары қандай спортпен айналысады
news-banner7
mobile-news-top

Спорт деген сиқырлы әлемнің арбауына түспеген адам жоқ шығар. Сол қатарда әлемдік деңгейдегі қайраткерлер мен мемлекет басшылары да спортқа деген қызығушылығын жасырмайды.

Prosports.kz әлемдегі әр елдің көшбасшылары қызығатын спорт түрлерін назарларыңызға ұсынады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен теннис пен тау шаңғысы спортына басымдық бергені жасырын емес. Ал еліміздің қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисін жақсы ойнайды.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко бір емес, бірнеше спорт түрін жақсы көреді. Ол хоккей, теннис, шаңғы жарысы және велоспортпен айналысады.

Ресей басшысы Владимир Путин дзюдо спортын жақсы меңгерген. Одан бөлек, хоккейге деген қызығушылығы да орасан зор.

АҚШ президенті Дональд Трамп орта мектепте бейсбол және футболмен айналысқан. Ал қазір гольфты жақсы көреді.

Франция лидері Эммануэль Макрон демалыс кезінде үлкен теннис ойнайды.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ де Трамп секілді үлкен теннис ойнағанды ұнатады. Тіпті ғаламторда екі саясаткердің бірге теннис ойнап жүргенде орын алған ыңғайсыздау оқиға жарияланған. Онда жапон басшысы абайсызда жығылып қалғаны түсірілген.

Германия канцлері Ангела Меркель бұрын шаңғы тебуді жақсы көретін, ал қазір скандиналық серуенге қызығушылық танытады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер