Қазақстан - Испания матчын Qazsport тікелей эфирде көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан жастар құрамасы испаниялық құрдастарымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч 6 қыркүйек күні жергілікті уақыт 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, жас футболшыларымыз іріктеу кезеңіндегі алғашқы екі ойында Фарер аралдары мен Черногорияны сырт алаңда жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер