русский язык
Футбол

Криштиану Роналду: «Менің сөзім дұрыс жеткізілмеді»

Криштиану Роналду: «Менің сөзім дұрыс жеткізілмеді»

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «корольдік клубтың» трансферлік кампаниясы туралы айтқан сөздері дұрыс жеткізілмегенін хабарлады.

Бұған дейін БАҚ-та португалиялықтың осы маусымдағы «Реалдың»  селекциялық жұмысы мен клубтың трансферлік саясаты туралы айтқысы келмейтіні, алайда бұл тұста өзінің пікірі бар екенін хабарлаған сұхбаты жарияланды.

«Менің сөздерім дұрыс жеткізілмеді. Кеше мен призидентімнің айтқанын естідім, онымен жүз пайыз келісемін. Жаңа әріптестерім – керемет! Солармен бірге тамаша құрам болды», - деді футболшы «Твиттердегі» жеке парақшасында. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;