Футбол

Рио Фердинанд: Бізде сәл алаңдаушылық бар

Рио Фердинанд: Бізде сәл алаңдаушылық бар
news-banner7
mobile-news-top

Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы қорғаушысы, қазір таңда телекомментатор Рио Фердинанд «қызыл сойқандардың» Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Астанаға» қарсы өтетін матч туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ойыншыларды ұзақ жол күтіп тұр. Бізде сәл алаңдаушылық бар. Жас ойыншылар бұған дайын болуы керек. Мұндай үлкен саяхаттар команданың менталдық және физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін.

Бейсенбі күні ойын басталады, ал Манчестерден Қазақстанға дейін 6 мың шақырым. Содан кейін олар сенбі күні өтетін ойынға үйге оралу керек. Қалыпқа келу өте қиын болады, алайда барлығына дайын болу керек», - деді Рио Фердинанд BT Sport порталына берген сұқбатында.

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» қашан кездеседі

Естеріңізге сала кетелік, UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылып, «Астана» L тобында Англияның «Манчестер Юнайтед», Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ «Алкмар» командаларымен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер