Теннис

US Open. Путинцева жұптық сында үшінші айналымға өтті

US Open. Путинцева жұптық сында үшінші айналымға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open 2019 турнирі жұптық сынының екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ресейлік Анна Калинскаямен жұптасқан қазақстандық теннисші польшалық-қытайлық дэут Росольска-Шуайды үш сетте жеңді - 6:2, 5:7, 6:3.

Матч 1 сағат, 20 минутқа созылған.

Енді олар венгриялық-франциялық жұп Бабом-Младеновичпен күш сынасады.

Айта кетейік, Путинцева турнирдің жекелей сынында үшінші айналымда жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер