Дзюдо

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы нешінші орында

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы нешінші орында
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 31 тамыз күні Жапония астанасы Токиода дзюдодан әлем чемпионатының жекелей біріншілігі аяқталды. Қазақстан құрамасы бейресми жалпы есепте 16-орынды місе тұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалық бірінші орынды татами иесі Жапония құрама командасы жеңіп алды. Олардың еншісінде 4 алтын, алты күміс және 5 қола жүлде бар. Екінші орынды үш алтын, екі қоламен қанжығасын майлаған Франция құрамасы иеленсе, 1 алтын, 1 қола медаль ұтқан Португалия командасы үздіктер қатарына кірді.

Еске сала кетейік, ертең аралас командалық сында Қазақстан құрамасы кубалықтармен күш сынасады. Команда сапында Ақылбек Серік, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Севара Нышанбаева, Мөлдір Нарынова және Назгүл Маратовалар бар.

Сурет Қазақстан дзюдо федерациясына тиесілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер