Грек-рим күресі

Нұр-Сұлтанда күрестен әлем чемпионаты медальдарының көрсетілімі өтті

Нұр-Сұлтанда күрестен әлем чемпионаты медальдарының көрсетілімі өтті
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатының ұйымдастырушылары әлем біріншілігінің жүлдегерлеріне берілетін медальдардың дизайнын көпшілікке жария етті, деп жазады Prosports.kz.
Ұйымдастырушылар дөңгелек пішіндес қалыпты дизайннан бас тартып, медальдің үш бұрышты түрін таңдаған. Бұл форма күрестің үш түрінен Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) аясында өтетін әлем чемпионатының бірлігі мен тұрақтылығы іспеттес.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың айтуынша, медальдің бетінде біріншіліктің логотипі мен астанамыздың символы - «Бәйтерек» салынған. Ал логотипті толықтырып тұрған доғал сызықтар күрес әдісін сипаттайды.
Ал медальдің екінші бетінде күрестен әлем чемпионатының символы - қар барысы бейнеленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дүбірлі додада Токио Олимпиадасына іріктеу басталады. «Барыс Аренада» өтетін жарыста Олимпиада лицензиясы үшін әлемнің 100 елінен 1002 балуан таласқа түседі. Билеттер Kassir.kz, Ticketon.kz и Zakazbiletov.kz сайттарынан алуға болады. Құны 1000 теңгеден басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер