Велоспорт

Юрий Натаров «Алматы Туры - 2019» турнирінде топ жарды

Юрий Натаров «Алматы Туры - 2019» турнирінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» қазақстандық шабандозы Юрий Натаров «Алматы Туры - 2019» көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

30-31 тамыз күндері оңтүстік астанамызда өткен веложарыс жетінші рет қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы жолы да өткен жылдағыдай доданың екі кезеңі болды және 31 тамызда Медеу мұз айдынындағы мәреде аяқталды.

Бірінші кезең Алматы Аренаның жанында басталды, содан кейін «Қала айналымы» көшелерімен жүріп өтіп, «Алматы Арена» алаңындағы мәреде аяқталды (118,6 шақырым). Бұл кезеңде Патрик Стош (CCC дамыту) мәреге бірінші келді.

Ал екінші кезеңде «Халық Аренадан» жарыс жолына шыққан шабандоздар өткен жылғыдай «Медеуде» тізгін тартты (160 шақырым). Бұл кезеңде италиялық шабандоз Данило Челано топ жарды. Оның ізін ала екінші болып Николай Черкасов (Gazprom Rusvelo) келді, ал үшінші орынға «Астана» шабандозы, қазақстандық Юрий Натаров жайғасты.

Осылайша, екі кезеңнің қорытынды нәтижесі бойынша Юрий Натаров турнир жеңімпаз атанды.

Айта кетерлігі, Юрий Натаров өткен жылғы турнирде үздік қазақстандық шабандоз деп танылды.

Алматы туры. Екінші кезең. 160 шақырым
1. Данило Челано (Италия)
2. Николай Черкасов (Ресей, Gazprom Rusvelo) +0:01
3. Юрий Натаров (Қазақстан, «Астана») +0:04

Жалпы есеп.
1. Юрий Натаров (Қазақстан, «Астана») - 6:29:47
2. Николай Черкасов (Ресей, Gazprom Rusvelo) +0:26
3. Данило Челано (Италия) +0:38

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер