AVANGAR әлем чемпиондарын жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық AVANGAR командасы StarLadder Berlin Major 2019 жарысында қазіргі әлем чемпиондары Team Liquid командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі команданың арасындағы керемет кездесу Legends Stage аясында өтіп, 1: 0 есебімен қазақстандық ұжымның пайдасына шешілді. AVANGAR үшінші жарыс күнін аяқтады. Еншісінде екі жеңіс, бір жеңіліс.
Айта кетейік, AVANGAR плей-офф-қа шығу үшін, тағы бір ойында жеңуі тиіс. Біздің ойыншылардың келесі қарсыласы кейін анықталады.