Велоспорт

Мигель Анхель Лопес - «Испания Вуэльтасының» 6-шы кезеңінде 14-ші келді

Мигель Анхель Лопес - «Испания Вуэльтасының» 6-шы кезеңінде 14-ші келді
news-banner7
mobile-news-top

«Испания Вуэльтасы» гранд-турының алтыншы кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыстың бағыты Мора де Рубиелостан Арес-дель-Маэстратқа дейін созылды. Қашықтық 198,9 шақырым болды.

«Cofidis, Solutions Crédits» командасының намысын қорғайтын Хесус Эррада бұл кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті. «Trek - Segafredo» командасындағы бельгиялық велошабандоз Эдвард Тёнс екінші орынды қанағат тұтты. Үздік үштіктен Франция өкілі Дориан Годон да орын алды («AG2R La Mondiale»).

«Астананың» шабандоздары арасындағы ең жақсы нәтиже - 14-ші орынды иеленген Мигель Лнгел Лопестің еншісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер