Еркін күрес

Нұрғожа Қайпанов: Әлем чемпионатынан кейін салмақ алмастыруым мүмкін

Нұрғожа Қайпанов: Әлем чемпионатынан кейін салмақ алмастыруым мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтетін лицензиялық әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде Қазақстан құрамасының балуандары тас-түйін дайындық жүргізуде. Еркін күрестен биылғы Азия чемпионы Нұрғожа Қайпанов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әлемдік дода қарсаңындағы ойымен бөлісті.

«Қазіргі таңда жаттығу жоғарғы қарқынмен өтіп жатыр. Бапкерлердің нұсқауымен біраз жұмыс атқардық. Өз еліміздегі әлемдік додада жоғары нәтиже көрсетсек деген тілек бар бәрімізде. Әлем чемпионатының біздің ел өтетінін маған қосымша күш береді. Жанкүйерлер жанын сала қолдау көрсетсе, біз де алысқа шабамыз деп ойлаймын», - деген Қайпанов басты қарсыластарын атауды да ұмытқан жоқ.

«Менің салмағымда мықтылар көп. Оның ішінде ресейлік Адам Батыровты атап өткім келеді. Сондай-ақ, АҚШ пен Түркияның жақсы балуандары бар. Әлем чемпионатынан соң 74 келі салмақ дәрежесіне ауысқым келеді. Оның барлығын біріншілік аяқталған соң саралаймыз», - дейді балуан.

Айта кетелік, Қайпанов Азия чемпионатынан бөлек тағы екі турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер