русский язык
Хоккей

«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Астаналық «Барыс» хоккей клубы уфалық «Салават Юлаев» командасын 5:4 есебімен ұтып, Құрлықтық хоккей лигасынның (ҚХЛ) жаңа маусымын жеңіспен бастады.

Ойынның 4-ші минутында «Барыс» сапынан Найджел Доус Кевин Даллмэн мен Брэндон Боченскидің көмегімен гол соқты. Осыдан кейін Доустың пасын пайдаланған Дастин Бойд екінші шайбаны соқты. Ал, ойынның 8-ші минутында Найджел Доус дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді.

Кездесудің екінші кезеңінде «Салават Юлаев» командасының ойыншысы Антти Пильстрем хет-трик жасап, есепті теңестірді. Ал Егор Дубровскийдің шайбасынан кейін қонақтар 3:4 есебімен алға шықты.

Үшінші кезеңнің басында Кевин Даллмэн шайба соғып, қазақстандық команда есепті теңестірді. Ал, ойынның соңғы секундында шайба соққан Найджел Доус хет-трик жасап, «Барысқа» алғашқы жеңісті әкелді.

Енді «Барыс» келесі кездесуде Хабаровск қаласының «Амур» командасын қабылдайды. Айта кетейік, бұл кездесуді «KAZsport» телеарнасынан сағат 17:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.

 

«Барыс» (Астана) – «Салават Юлаев» (Уфа) 5:4 (3:0, 0:4, 2:0)
1:0 – Доус (Даллмэн, Боченски) – 03:19
2:0 – Бойд (Доус) – 04:34
3:0 – Доус (Бойд, Боченски) – 07:28
3:1 – Пильстрем (Зубарев, Кайгородов) – 24:15
3:2 – Пильстрем (Кольцов) – 27:37
3:3 – Дубровский (Лекомцев) – 33:47
3:4 – Пильстрем (Кайгородов) – 36:24
4:4 – Даллмэн (Доус) – 41:41
5:4 – Доус – 59:59
Қақпашылар: Лацо – Коваль (Сохатский 09:44 – 60:00)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;