«Аят» халықаралық турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызРудный қаласының «Аят» футзал клубы Тюмень облысының жүлдесі үшін өткен V халықаралық турнирінде сәтсіз өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Алғашқы ойында «Тюмень» командасынан 2:3 есебімен жеңілген «Аят», екінші кездесуде «Ухтадан» 2:7 есебімен ұтылды.
Осылайша, өз тобында соңғы орынға тұрақтады. Енді 5-6 үшін өтетін ойында чехиялық «Сварог» командасымен кездеседі.
«А» тобы:
1. КПРФ - 4 очка (2 ойын);
2. «Новая Генерация» – 4 (2);
3. «Сварог» - 0 (2).
«В» тобы:
1. «Ухта» - 4 очка (2 ойын);
2. «Тюмень» - 4 (2);
3. «Аят» - 0 (2).
Айта кетейік, турнирге «Тюмень», КПРФ (Мәскеу), «Ухта» (Ухта), «Новая Генерация» (Сыктывкар) және «Сварог» (Теплице, Чехия) командалары қатысып жатыр.