«Астана» футбол клубының бұрынғы бапкері қазақстандық клубтың жеңетініне сенімді

«Астана» футбол клубының бұрынғы бапкері қазақстандық клубтың жеңетініне сенімді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Стаимир Стойлов БАТЭ – «Астана» матчы қарсаңында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгінгі кездесудің айқын фавориті, әрине, Қазақстан чемпионы деп ойлаймын. Алайда, «Астана» бұл ойынға мықты құрамын шығарып, асқан жауапкершілікпен ойнауы тиіс. Менің ойымша, екінші матчта да қазақстандық клуб жеңіске жеткі тиіс. БАТЭ клубының еш мүмкіндігі жоқ деп санаймын», деді Стойлов.

Еске сала кетелік, «Астана» мен БАТЭ бүгін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.50-де ойнайды. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер