русский язык
Футбол

«KAZsport» Қазақстан Ұлттық құрамасының кездесулерін көрсетпек

«KAZsport» Қазақстан Ұлттық құрамасының кездесулерін көрсетпек

«KAZsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының «Еуро-2016» іріктеу кезеңінде барлық ойынын көрсетеді.

Құрамына тұңғыш мемлекеттік спорттық «KAZsport» арнасы енетін «Қазақстан» ұлттық телекорпарациясы кәрі құрлықтың беделді додасының ресми таратушысы құқығын иеленді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Яғни, қазақстандық футболсүйер қауым ұлттық құрамамыздың «Еуро-2016» іріктеу додасындағы барлық ойынын «KAZsport»  арнасынан тікелей эфирден тамашалай алады. Ал финалдық дода Франция елінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 9 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық құрамасы «Еуро-2016» іріктеу кезеңі аясында Латвия құрамасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;