Дзюдо

Елдос Сметовтің бапкері: Елдос та, Ғұсман да барын салды

Елдос Сметовтің бапкері: Елдос та, Ғұсман да барын салды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев дзюдодан Токиода өтіп жатқан әлем чемпионаты туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz. Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, әлем чемпионатына алтын аламыз деген мақсатпен бардық. Дегенмен, Елдосқа бұйырғаны қола медаль екен. Еліміздің Әнұраны шырқалмаса да, көк байрағымызды көтердік. Екі бірдей қазақ баласының әлем біріншілігінің жүлдесіне таласуы дзюдошыларымыздың деңгейі өсіп келе жатқанын байқатады. Бұл әлемдік додада Елдос та, Ғұсман да барын салды. Екеуі де елге жүлде сыйлап, жанкүйерді қуантуға тырысты. Өзімнің шәкіртім Елдос Сметовтің үздіктер қатарынан орын алғаны қуантады. Енді аталған қола Олимпиаданың алтынына айналсын деп тілеймін», - деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер