Қазақстанға ойнаудан бас тартқан футболшы азаматтығын өзгертеді

Қазақстанға ойнаудан бас тартқан футболшы азаматтығын өзгертеді
news-banner7
mobile-news-top

Беларусьтің «Динамо-Брест» командасында доп тебетін қазақстандық футболшы Владислав Васильев жақын уақытта азаматтығын ауыстарады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Presball.by порталына сілтеме жасап.

Қазір Владислав Васильев Беларусьте тұруға рұқсаты бар. Ол қаңтар айында «Атыраудың» бұрынғы бас бапкері Владимир Белявскийдің қызы Ирина Белявскаямен отау құрған болатын. Беларусь азаматшасымен некеге отырған футболшы жақын арада осы елдің азаматтығын ала алады.

Қазақстан футбол федерациясы Владислав Васильевті ұлттық құрамаға шақырғанын, алайда футболшы қазіргі уақытта клубтағы мансабына баса назар аударатынын айтқанына байланысты алдағы матчтарға қатыспайтынын мәлімдеген еді.

22 жастағы жартылай қорғаушы биылғы маусымда екі гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Беларусь елінде 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер