Командалық

Волейболшы Динара Сыздықова Miss Virtual World байқауына қатысып жатыр

Волейболшы Динара Сыздықова Miss Virtual World байқауына қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Miss Virtual World байқауында бақ сынап жатқанын желідегі парақшасында бөліскен спортшы қыз, оқырмандарынан қолдау күткенін жеткізген. Ол осыған дейін де сұлулығымен шетелдіктерді тәнті еткен болатын. Сондықтан Динара Сыздыққа сұлулық байқауына қатысу қиын емес.

Тамыздың басында Өскеменнің "Алтай-2" волейбол командасы Кубада бақ сынаған. Алайда бұл байқау спортшылар үшін сәтті болмапты. Дегенмен, топ құрамындағы Динара Сыздықова жүлдесіз қалмады. Қазақстандық ару турнирдегі ең сұлу қыз ретінде марапатталған.

Көптеген адамдар Динара Сыздықованы "Игра пристолов" туындысындағы Дейенерис Таргариенге ұқсатыпты. Нәтижесінде "Ветнам телевидениясының аруы" атағын иемденіп, жеңімпаз лентасы мен тәжін алған. Сонымен қатар, ол 300 доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер