Футзал

БАҚ өкілдері арасында ҚР Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді

БАҚ өкілдері арасында ҚР Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылдың 30 тамызында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі
Жарыстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана-Арена» стадионы;

Жарыстың жалпы ережесі:
- Жарыс 2019 жылдың 30 тамызында, «Астана-Арена» стадионында өтеді.
- Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады.
- Турнирге барлығы 32 команда қатыса алады, өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 27 тамызына дейін.

Басқа да сұрақтарыңыз болса, Әзиз Жұмадұлге хабарласып, білулеріңізге болады (+7 777 734 88 10, [email protected]).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер