Дзюдо

Ерлан Серікжанов жеңілісінің себебін түсіндірді

Ерлан Серікжанов жеңілісінің себебін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов биылғы дүниежүзілік біріншіліктің алғашқы айналымынан-ақ сүрінді, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сұхбат берген балуанның сөзін назарларыңызға ұсынып.

- Бірінші кездесуден кейін әлем чемпионатын аяқтауға тура келіп тұр. Бұл сында алысқа бара алмадым. Әзірбайжандық қарсыласыма жасаған әдісім сәтсіз болып, екінші мәрте талпынған едім. Ол өзіме қарсы айла жасап кетті. Бір сөзбен айтқанда, бұл әлем біріншілігінде жүлде алу бұйырмай тұр екен. Енді бұдан өзге жарыстарда ұпай жинауға тырысамын. Өйткені, Олимпиада қарсаңындағы маусым қашанда тартысты өтеді. Алдағы бәсекелерде жеңіске жетуге тырысамын,- дейді Ерлан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер