русский язык
Велоспорт

«Вуэльта». Ару 11-ші кезең жеңімпазы

«Вуэльта». Ару 11-ші кезең жеңімпазы

Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» велобәйгесінің 11-ші кезеңінде қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті.

Памплон - Сан-Мигель-де-Аралар бағыты бойынша 153,4 шақырымға созылған кезеңде Ару мәре сызығын бірінші кесті. «Астана» сапынан Танел Кангерт 19-шы, Микель Ланда 27-ші келді.

«Тауға шығар алдында Гесник алғашқы болып шабуылдады, алайда бұл тым ерте еді. Ал, мәреге 2 шақырым қалғанда Контадор менің алғашқы шабуылыма жол бермеді. Мен сабырлық сақтап, екінші мүмкіндігімде бар күшімді салдым», - дейді мәреге бірінші келген Фабио Ару.

Енді «Вуэльтаның» 11-ші кезеңінде мәреге қарсыластарынан 6 секундқа ерте келген Ару жалпы есепте 7-ші орынға көтерілді.

 

«Вуэльта» веложарысы. 11-ші кезең қорытындысы

1. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – 40:26:56

2. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – +0:20

3. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – +1:08

4. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – +1:21

5. Хоаким Родригес (Испания, Team Katusha) – +1:35

6. Самуэль Санчес (Испания, BMC Racing) – +1:52

7. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – +2:13

25. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – +13:28

36. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – +27:41

50. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – +38:27

93. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – +1:03:54

109. Алексей Луценко (Қазақстан, Astana Pro Team) – +1:14:20

175. Даниил Фоминых (Қазақстан, Astana Pro Team) – +1:55:18

183. Якопо Гуарньери (Италия, Astana Pro Team) – +2:03:56

185. Андреа Гуардини (Италия, Astana Pro Team) – +2:11:29

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;