Велоспорт

Astana Pro Team командасының спорттық директоры «Вуэльтадағы» жеңіс туралы пікір білдірді

Astana Pro Team командасының спорттық директоры «Вуэльтадағы»  жеңіс туралы пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team командасының спорттық директоры Александр Шефер «Вуэльта» суперкөпкүндігінің бірінші кезеңі аяқталған соң, командасының жеңісіне көңілі толатынын жасыра алмады, деп жазады Prosports.kz Astanaproteam.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«Біз үшін жарыс тамаша басталды, мұндайды тек елестетуге ғана болады! Біз командамыздың бұл велобәйгеде үздіктер қатарында екенін білеміз, сол үшін жоғары нәтиже көрсетуге тырыстық. Бүгінгі табыс – супер жетістік саналады, алайда қуануға әлі ерте, жарыс енді басталды. Күшімізді 100% сарқып жұмсап, жұмысты әрі қарай жалғастыру керек.

Бірақ бүгін біз бақыттымыз, және айтулы жеңісмізді Қазақстанға, жанкүйерлерімізге, серіктестерге және демеушілерге, әсіресе бас демеушіміз «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына арнаймыз», – деді Шефер бірінші кезең аяқталғаннан кейін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер