русский язык
Футбол

Франция Жастар құрамасы жайлы бірер ақпарат

Франция Жастар құрамасы жайлы бірер ақпарат

«Еуро-2015» додасының іріктеу кезеңінде Қазақстан Жастар құрамасы Франция құрамасымен кездеседі.

Іріктеу сынында алты ойында алты жеңіске қол жеткізген Франция жастар құрамасы 10-топтың көшін бастап тұр. Басты бәсекелесі Исландиядан бақандай алты ұпайға алда. Енді осы топтағы бірінші орынды сақтап қалу үшін француздарға 4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасына қарсы ойын мен 8 қыркүйек күні өтетін Исландия құрамасына қарсы кездесуде 1 ұпай еншілесе жеткілікті.

Франция жастар құрамасының тарихы тереңде жатыр. Яғни, 1950 жылдан бастау алады. Бұл кезде жастар құрамасын қолға алған елдер аз болатын. Тіпті, ұлттық құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының да әлі ұйымдастырылмаған кезі еді. 

Бірінші «бейресми» ойынын Франция жастар құрамасы 1952 жылдың 22 мамырында Гавр қаласывнда ағылшындарға қарсы өткізіп, 7:1 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді. Дегенмен, араға екі жыл салып, Виченцада Италиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал 1952 жылы ресми түрде Франция жастар құрамасы құрылды. 

«Үш жолақтылар» тек бір рет қана Еуропа чемпионы атанған. Нақты айтсақ, 1988 жылы. Ол кезде финал екі ойыннан өтетін. Бірінші кездесуде түзде Грекиямен 0:0 ойнап, өз алаңында 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Сондай-ақ, 2002 жылы да финалға жетті. Бірақ негізгі уақытта 0:0 есебімен тең ойнағанымен пенальти сериясында 1:3 есебімен жеңіліп қалды. 

 Биылдан бастап Франция жастар құрамасын Пьер Манковски жаттықтырады. Бас бапкерлік тізгінді Манковски Вилли Саньолдың қолынан алды. Жасыл алаңда шабуылшы болған Манковски кейін Франция жоғарғы дивизиондарының командаларын жаттықтырып жүрді. Сонымен қатар, бір кездері Камерун және Франция ұлттық құрамаларында бапкерлер алқасына енген. 2013 жылы «Үш жолақтылармен» бірге 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. 

Бұл бапкердің алдына командасын Қазақстан және Исландия құрамаларына қарсы тыңғылықты дайындап, Чехияда өтетін «Еуро-2015» додасына Франция құрамасын сақадай сай ету тапсырмасы жүктелген. 

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;