русский язык
Футбол

Ұлттық құрама балалармен кездесу ұйымдастырды

Ұлттық құрама балалармен кездесу ұйымдастырды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары мен бапкерлер алқасы әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған «Балаларға бақыт сыйлайық» акциясына қатысып, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

ҚР Бірінші Президентінің мұражайында Қазақстан құрамасының бапкерлер алқасы мен ойыншылары мүгедек балаларды білім күнімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Айта кетейік, «Жас Отан» жастар қанаты және Бірінші Президент мұражайымен бірлесе атқарылған бұл шараның мақсаты қоғамның назарын әлеуметтік көмектерге мұқтаж балаларға аударту болатын. Ресми бөлімнен кейін әр бала Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларымен суретке түсуге мүмкіндік алып, сүйікті футболшыларынан қолтаңба алды.

Бұдан кейін ҚР Бірінші Президентінің мұражайын аралаған ұлттық құрама ойыншылары мұражайға команда футболшыларының қолтаңбалары қойылған доп тарту етті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;