Бокс

Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті
news-banner7
mobile-news-top

Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) мен ресейлік Артур Осипов (15-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп жазады Prosports.kz.

Екі боксшы да орта салмақ лимитін сақтап, бірдей салмақты көрсетті - 72,45 келі.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов-Осипов жекпе-жегі сенбі, 24 тамызда Челябинск қаласында (Ресей) өтеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) британиялық боксшы Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер