Әлем футболы

«Qazsport» Еуропаның TOP-5 чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

news-banner7
mobile-news-top

«Qazsport» телеарнасы футболдан Еуропаның бес ірі чемпионатының матчтарын тікелей эфирде көрсетуді қайта қолға алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізде болса өткен маусымның соңғы жартысында отандақ арна Англия Премьер лигасы, Испания Ла лигасы, Италия А сериясы, Германия Бундеслигасы және Францияның Бірінші лигасын жанкүйер назарына ұсынған болатын.

Ал биыл аталған чемпионаттардың ойыны маусым басынан бастап «Qazsport» арқылы жанкүйер назарына жол тартады.

Теарнаның ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, 24 тамызда «Манчестер Юнайтед» — «Кристал Пэлас», «Парма» — «Ювентус» ойынын, ал 25 тамыз күні «Барселона» — «Бетис» ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер