Командалық

«Астанаға» қазақстандық жас шабуылшы ауысып келді

«Астанаға» қазақстандық жас шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» президенттік баскетбол клубы қазақстандық жас шабуылшы - Андрей Литвиненкомен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Литвиненко 1997 жылы 28 қаңтарда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2013 жылы петропавлдық «Барс» сапында бастаған. Бұл командада бір жыл өнер көрсеткен соң алты жыл «Алматинский Легион» командасының намысын қорғады.

Осы аралықта ол Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері (2014/15), Қазақстан Кубогының екі дүркін жеңімпазы (2015 және 2016), күміс жүлдегер (2016/17) және Жоғары лиганың чемпионы (2017/18) атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер