Хабиб Нурмагомедов Порьемен жекпе-жегі үшін қанша алады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық файтер Дастин Порьемен жекпе-жегі үшін 1 миллион доллар алады, хабарлайды Prosports.kz.
МакГрегормен төбелескені үшін ресейлік файтер 2 млн доллар алған болатын.
Еске сала кетейік, Нурмагомедов 7 қыркүйек күні UFC 242 турнирінде чемпиондық атағын екінші рет қорғау үшін Дастин Порьемен айқасады.
Хабиб — Порье жекпе-жегін кинотеатрларда көрсетуі мүмкін
Ресейлік спортшы 27 жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген. Порье болса, 25 кездесуде жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.