Әлем футболы

Кейлор Навас ПСЖ клубына ауысуы мүмкін

Кейлор Навас ПСЖ клубына ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Реалдың» қақпашысы Кейлор Навас «Реал» сапынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Mundo Deportivo порталының мәлімдеуінше, қақпашы ПСЖ сапына ауысуы мүмкін.

Франциялық клуб Навасқа жылдық жалақысы 7 млн еуро құрайтын 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр екен.

AS басылымының мәліметінше, 32 жастағы футболшы корольдік клубтың басшылығынан өзін еркін агент ретінде жіберуді сұраған. Алайда «Реал» қақпашысын тегін жіберуден бас тартып отыр. Олар Навас үшін кем дегенде 20 миллион еуро төлеген командаға сатуға ғана дайын.

Зидан Навастан «Реал» сапынан кетуді өтінді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер