Бокс

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мәскеуде жекпе-жек өткізеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді.

Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз 16 қыркүйек күні өтетін Мәскеудегі Korston Club кешенінде өтетін кеште шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 6 қарсыласын уақытынан бұрын ұтқан. Соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Вильямс Хосе Окандо Лерманы (20-7, 16 КО) нокаутқа түсірген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер