Алексей Бага: Бізде алда әлі де екі тайм бар

Алексей Бага: Бізде алда әлі де екі тайм бар
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасының плей–офф кезеңі аясында БАТЭ командасын өз алаңында 3:0 есебімен жеңді. Ойын соңында белоруссиялық команда бас бапкері Алексей Бага журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Бүгінгі ойынға толықтай баға беру менде шынымен де уақыт тығыз. Егер қысқаша айтар болсам, алғашқы гол Томасовтың жеке шеберлігі деген болар едім. Екінші голға келер болсам, бұл жерде әр эпизодқа тоқталып, жекелей баға беруге болады. Ал ойынға толықтай мінездеме беру дәл қазір мүмкін болмай тұр. Әрине, бүгін «Астана» ірі есеппен жеңіске жетті. Алайда, бізде алда әлі де екі тайм бар. Біз өз жанкүйерлеріміздің алдында соңына дейін күресетін боламыз.

— «Астана» Сіздерден толықтай басым түсті дей аласыз ба?

— Толықтай? Жоқ, олай деп айтпаған болар едім. Белгілі бір уақыт аралығында қарсылас өте жақсы ойнады. «Астана» жанкүйерлері өз командасына тамаша қолдау көрсетті. Толықтай басым болды деу қиын. Дегенмен, ойын есебін өздеріңіз көріп отырсыздар.

— БАТЭ командасы бір гол соғуы қажет пе еді?

— Біздің өте қатты гол соққымыз-ақ келді. Алайда, өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Ойын басында Скавыш өзінде болған мүмкіндікті голға айналдырғанда, барлығы басқаша болар ма еді.

— Ойын атмосферасы ұнады ма?
— Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім емес. Мен осында 2016 жылы командамен бапкерлер құрамында келген едім. Одан кейін, бірнеше рет Қазақстан чемпионатының ойындарын тамашалауға келдім. Қала, адамдар және атмосфера — өте керемет. Ең қиыны осында ұшып келу өте ұзақ уақыт алады.

— «Астана» Сізді таң қалдырды ма?

— Жоқ, біз дәл бүгінгідей ойын күткен едік. Қарсылас команда өте мықты. Ең жаманы, біз өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер