Роман Григорчук: Болжам жасаудан аулақпын

Роман Григорчук: Болжам жасаудан аулақпын
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа Лигасының плей–офф кезеңі аясында БАТЭ командасын өз алаңында 3:0 есебімен жеңді. Ойын соңында қазақстандық команданың бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Марин Томасов – тағы да ойынның қаһарманы атанды дей аласыз ба?

- Бүгінгі кездесудің басты қаһармандары – команда және стадионда тамаша атмосфера жасаған жанкүйерлер!

- Ойын туралы не айтасыз?

- Мен ойын соңында жігіттерге айтқанымды сіздерге де айтқым келеді: біз өз мақсатымызға қарай ілгері жылжуға тиіспіз. Ең алғашқы қадам – бүгінгі жеңіске және тамаша ойынға аздап қуанып, артынша «Таразбен» және БАТЭ командасына қарсы қарымта кездесуге дайындалу қажет.

- Үзілісте Мубелені алмастырғаныңызды ескерсек, ол алаңда 90 минут өткізуге әлі де дайын емес пе?

- Спортты алдау өте қиын. Ойыншылардың дайындығы туралы арнайы қағида бар. Ол дайындық жоспарлы түрде болу қажет. Кез келген футболшы демалыстан кейін, белгілі бір деңгейдегі дайындық жасап, артынша ойынға араласуы керек.

- Бүгінгі ойын есебінен кейін, қарымта кездесу алдында ойыншылар босаңсып кетеді деп қорықпайсыз ба?

- Жоқ, мен одан қорықпаймын. Біздің футболшылар қарсыластың қаншалықты мықты екендігін жақсы түсінеді. Барлығы БАТЭ командасының өте мықты қарсылас екендігін жақсы біледі. Біз бүгінгі кездесуге тыңғылықты дайындық жасадық. Алда бізді сырт алаңда өте тартысты ойын күтіп тұрғанын сіздерге сеніммен айта аламын.

- «Астана» еурокубоктің әр туры артта қалған сайын сенімді ойын көрсетіп келе жатыр. Команда дәл қазір өзінің нағыз спорттық бабына енді дей аласыз ба?

- Дәл осы сұраққа жауап беру мен үшін қиындық тудырады. Себебі, команда құрамында бірнеше жаңа ойыншы бар. Олар біздің қатырымызға қосылғанға дейін, мен оларға сенімді болғам. Дегенмен, олардың нақты деңгейін бағамдап үлгерген жоқпын. Команда құрамына бейімделу барысында, оларды жаңа қырынан ашу біз үшін өте маңызды.

- Бүгінгі ойын есебі Сізді таң қалдырды ма?

- Егер ойын алдында біреу маған 3:0 есебі тіркеледі десе, мен жымиған болар едім. Мен қарсыластың деңгейін өте жақсы білемін. Олар өте мықты ұжым.

- Қарымта ойында жеңіске жету Сіз үшін маңызды ма?

- Әрине, жеңіске жеткіміз келеді. Дегенмен, алдыға көз жүгіртіп болжам жасаудан аулақпын. Біз үшін БАТЭ командасын өтіп, топтық кезеңге жолдама алу өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер