«Астана» мен БАТЭ жанкүйерлері бір-бірін әжуалады

«Астана» мен БАТЭ жанкүйерлері бір-бірін әжуалады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 22 тамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» мен БАТЭ командалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл - Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы алғашқы ойын.

Ойынға дейін қос команданың жанкүйерлері өзара қызықты суреттермен бір-бірін қағытуда.

Бұл "шайқасты" бастаған елордалық клубтың жанкүйерлері болатын. Олар қолдарына қазан-ошақ ұстаған «Астана» ойыншыларының қасына бір қап картоптың суретін қойып, «картоп қурамыз ба?» деп жазған. Бұл сөз әрине Беларусь елінің басты өнімі картоп екенін еске салады.

Өз кезегінде БАТЭ жанкүйерлері де қарап қалмады. Олар «көшпенділермен күресеміз» деген мәндегі мемдерін жариялады. Бұл әрекеттермін қазақстандықтардың арғы ата-бабасы ат үстіне өмір сүрген халық екенін меңзеп тұрғаны сөзсіз.

Біз білетін һәм біз білмейтін БАТЭ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер