Президент Кубогының ашылу салтанаты «Хан-Шатырда» өтеді

Президент Кубогының ашылу салтанаты «Хан-Шатырда» өтеді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнирінің ашылу салтанаты 23 тамыз күні сағат 20:00-де «Хан-Шатыр» сауда орталығында өтеді.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары, сонымен қатар, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін турнирдің ресми ашылу рәсіміне шақырамыз.

23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва және Қазақстанның екі құрамасы қатысады.

Ойындар Футбол үйі ғимаратының алаңында өтеді. Барлық кездесу Қазақстан футбол федерациясының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер